23 желтоқсан 2016 20:10

Бас прокуратура өзін өртеген әйелдің ұлын ұстау сәті түсірілген видеоны тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура ведомствоның Астанадағы ғимаратының алдында өзін өртеген әйелдің баласы - Ербол Ахметовты ұстау сәті түсірілген видеожазбаны тексеру жұмыстарын бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ведомствоға жолдаған сауалға айтылған жауапта айтылады.


Бас прокуратура ведомствоның Астанадағы ғимаратының алдында өзін өртеген әйелдің баласы - Ербол Ахметовты ұстау сәті түсірілген видеожазбаны тексеру жұмыстарын бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ведомствоға жолдаған сауалға айтылған жауапта айтылады.

"Ербол Ахметовқа қатысты қылмыстық іспен қатар оны ұстау сәті түсірілген видеожазба тексеріліп жатыр. Шу аудандық сотының шешімімен Ербол Ахметов заңсыз есірткі сақтағаны үшін 2015 жылдың 15 маусымында 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот үкімі заңды күшіне енді. Рысманованың оның ұлын заңсыз қамауға алды деген мәлімдемелері тексеріліп жатыр", - деп хабарлады Бас прокуратура өкілдері.

Сонымен қатар, ведомствоның баспасөз қызметіндегілер Ахметовты ұрып-соқты деп айыпталған облыстық ІІД қызметкері Ерлан Жидешевтің сотталғанын айтты. Бірақ сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Істі Жамбыл облысының соты қарап жатыр. Айта кетейік, ведомствоаралық топтың жұмысы әлі де жалғасып жатыр.

Еске салайық, 6 желтоқсанда сағат 12.16-да ведомство ғимаратының бақылау-өткізу пунктіне әйел адамның үш серігімен келіп, сыртқы киімін шешіп, бензин құйып өзін-өзі өртегені хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол әйелдің 1968 жылғы азаматша Рысманова М.Е. екені анықталған. Ол 1988 жылғы Е.Н.Ахметов есімді ұлына қатысты шыққан сот үкіміне келіспегендіктен, осы қадамға барған. М.Е.Рысманова Бас прокуратураға 2016 жылы 28 қарашада осы іс бойынша үндеу жариялаған. Осы істі қайта қарап шығу үшін Бас прокуратура соттан қылмыстық іс материалдарын алдырған болатын", - деді ведомстводағылар. 

Ал кейінірек Бас прокурор Астанадағы Бас прокуратураның ғимараты алдында өз-өзін өртеген әйелдің мәселесімен жеке айналысуға уәде берген болатын. Өкінішке орай, 14 желтоқсанда 48 жастағы Майра Рысманова ауруханада қайтыс болды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети