08 шілде 2015 11:33

Батыс Қазақстанда саунада жезөкшелерді ұсынған әйел 5 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© chto-proishodit.ru © chto-proishodit.ru

Батыс Қазақстанда саунада жезөкшелерді ұсынған әйел 5 жылға сотталып, мүлкі тәркіленуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Батыс Қазақстанда саунада жезөкшелерді ұсынған әйел 5 жылға сотталып, мүлкі тәркіленуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығындағы сауналардың бірінде 32 жастағы әкімші әйелдің 26 және 22 жастағы жезөкше қыздарды келушілерге ұсынғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастырып, оларды ұстап, жеңгетайлық жасағаны үшін сауна әкімшісіне сотқа дейінгі тергеу тағайындалды, бап бойынша әкімші әйел бес жылға дейін бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ІІБ қызметкерлері 19 жастағы қызды ұстады, ол өткен жылдың желтоқсан айынан 2015 жылдың қаңтарына дейін кәмелетке толмаған Оралдың тұрғынын жезөкшелікпен айналысуға итермелеген. Жалпы, жедел-профилактикалық шара барасында мамандар жезөкшелікпен айналысқан 27 әйелді және жеңгетай болған 2 адамды ішкі істер органының есебіне алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентте бір әйелдің саунаға келгендерге жезөкше қыздарды ұсынғаны хабарланған еді. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқан әйелді ұстап, мың теңгесін айғақ зат ретінде алған. Ол Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен айыпты деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Алайда ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданылып, тағайындалған жаза шартты деп есептелді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети