19 мамыр 2014 10:04

Белгісіз біреулер "Ертіс" клубының басшыларын ұрып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ертіс" ФК бас директоры - Халімжан Ержанов. Сурет: "Тобыл" ФК сайтынан "Ертіс" ФК бас директоры - Халімжан Ержанов. Сурет: "Тобыл" ФК сайтынан

Жексенбі, 18 мамыр күні Павлодарда "Ертіс" командасының бас директоры Халімжан Ержанов пен клубтың спорттық директоры Болат Ысқақовты белгісіз біреулер соққыға жығып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Бетперде киген белгісіз екі адам клуб басшыларын Ержановтың жалдамалы пәтерінің алдында күтіп алған. Олар лифттен шыққан сәтте қаскөйлер бас салып, екеуін темір затпен соққының астына алған. Нәтижесінде Ысқақов басынан ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілсе, клубтың бас директоры басынан ашық жарақат алып, емханаға барудан бас тартқан. Екі қылмыскер де оқиға болған жерден іздерін суытқан. Қазіргі уақытта бұл қылмыспен Павладар облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері шұғылданып жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл оқыс оқиға футболдан Қазақстан біріншілігінің 12-туры аясында жергілікті "Ертіс" клубы мен семейлік "Спартак" ұжымдары арасындағы кездесуден кейін болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети