11 желтоқсан 2020 09:54

Бес баланың анасының өлімі: Алматы облысында дәрігерлер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында бес баланың анасының өлімі бойынша қозғалған іске қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматы облысында бес баланың анасының өлімі бойынша қозғалған іске қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2018 жылдың қазанында бес баласы бар 35 жастағы ана босанған соң қайтыс болған. Кейін бұл іс ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігі бойынша тергелді.

Соттың үкімімен Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының орталық ауруханасы перзентханасының дәрігерлері түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Алғашқы сот отырысы 2020 жылдың 27 шілдесінде өтті. Алайда 2020 жылдың 24 қарашасында Алматы облысы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымды қарағаннан кейін бұл қылмыстық іске нүкте қойды.

Сот үкіміне сәйкес 63 жастағы хирург 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оған көмек көрсеткен 33 жастағы акушер-гинекологқа үкімнің орындалуын 5 жылға кейінге қалдыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

31 жастағы екінші акушер-гинекологқа жазасын өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, барлық 3 медициналық қызметкер 1 жыл мерзімге дәрігер болу құқығынан айырылып, олардан 5 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді.

Тергеу бөлімінің аға тергеушісі Фархат Ілиясовтың айтуынша, бірнеше күрделі комиссиялық сот сараптамасының жүргізілуіне байланысты 1 жылдан аса уақытқа созылған сотқа дейінгі тергеу барысында 70-тен аса куәгерден жауап алынған. Олардың басым бөлігі - дәрігерлер.

"Мен әйелімді қайтару мүмкін емесін білемін. Ол 4 баланы дүниеге әкелді. Кейін бесінші баласын босану үшін перзентханаға келді. Алайда дәрігерлердің немқұрайдылығынан қайтыс болды. Қатты уайымдадым, кінәлілер жазаланғанша балалардың көзіне қарай алмадым. Бұл іс бойынша әділ сот шешімін мен ғана емес, ауданның барлық тұрғыны да күтті ", - дейді қайтыс болған әйелдің күйеуі Радулин Самиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети