15 маусым 2017 10:39

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қандай айыптар тағылатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұратхан Тоқмәди. © kss.kz Мұратхан Тоқмәди. © kss.kz

Сот өкілдері белгілі қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәди қандай күдікке ілінгені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бизнесменнің бопсалауға күдікті екені расталып отыр.  


Сот өкілдері белгілі қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәди қандай күдікке ілінгені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бизнесменнің бопсалауға күдікті екені расталып отыр.  

"Қудалау органымен Мұратхан Тоқмәдиге 2005 жылы анықталмаған тұлғалармен қылмыстық келісімге келіп, "Семрюжком" және "ҚазШыныҚұрылыс" ЖШС-ларының тең құрылтайшысын күш қолдану және қорқыту арқылы аталған кәсіпорындардың негізгі қорын иемденген деген айып тағылып отыр. Тергеу мәліметі бойынша, Тоқмәди бұл әрекетімен аса ірі көлемде 185 миллион 137 мың 246 теңге материалдық шығын келтірген", - деп жауап берді Алматы қалалық сотының ақпаратпен қамсыздандыру бөлімінің жетекшісі Дияс Махамбетов Tengrinews.kz сұрағына.

Сот мәліметі бойынша, Тоқмәди 12 маусым сағат 19:50-де ұсталды. 

"Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Мұратхан Тоқмәдиді екі ай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", - дейді Дияс Махамбетов. 

Еске салайық, мұның алдында Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети