27 мамыр 2021 09:42

БҚО-да оқушыны өгей әкесі зорлаған. Мектеп директоры сотқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында оқушысының зорлық көргенін жасырды деп айыпталған Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметова соттан кешірім сұрады. Ол сотта кінәсіз екенін айтты. Себебі оқиға мектептен тыс жерде болған екен, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 


Батыс Қазақстан облысында оқушысының зорлық көргенін жасырды деп айыпталған Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметова соттан кешірім сұрады. Ол сотта кінәсіз екенін айтты. Себебі оқиға мектептен тыс жерде болған екен, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Директор оқушының ата-анасы мен туыстарынан бұрын мұғалімнің полицияға шағынуы міндетті емес екенін және куәгерлердің жауабы қиыспайтынын айтады. Сот алдындағы соңғы сөзінде Лариса Қожахметова ұстаз болуды бала кезінен армандағанын айтып, қиналған кезде өзін қолдаған әріптестері мен отбасына, тіпті көршілеріне де алғыс айтты. Ауыр науқас екенін және үш бала өсіріп отырғанын айтып, соттан мейірбандық танытуын сұрады.

"Ұстазды ешкім қорғамайтынына дәлел болды бүгін. Осыдан кейін кім басшы болады? Кім басшыны қорғайды? Кім ұстаздарды қорғайды? Туған анасы бар өзінің, баласына деген жанашырлығы қайда? Ол қалай бірге тұрады? Құрметті сот, осы жағдайларымды ескеріп, ҚР Соты атынан сіз мені ақтап, әділ шешім қабылдайды деп сенемін", - деді Лариса Қожахметова. 

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы мектеп-гимназияның директоры Лариса Қожахметова кәмелет жасына толмаған оқушы қыздың зорлық көргенін хабарламағаны үшін айыпты деп танылған. Сот материалдарынан ауыл тұрғыны 10 жастағы өгей қызына үш жыл бойы азғындық әрекет жасағаны анықталған. Бірақ анасы ғана емес, мектептегі ұстаздары да баланы қорғауға асықпаған көрінеді. Өгей қызына озбырлық жасаған адам 22 жылға сотталды. Ал директор кінәсі дәлелденсе алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети