1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

БҚО-да оқушыны өгей әкесі зорлағанын жасырған мектеп директорына үкім шықты 28 мамыр 2021, 14:13

Жаңғалы аудандық соты мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметованы қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп тапты. Оған үш жылға бас бостандығын
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Жаңғалы аудандық соты мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметованы қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп тапты. Оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО соты мәліметі бойынша, 2019 жылдың наурызында Қожахметова мектеп психологтары мен бесінші сынып оқушыларынан қызға өгей әкесі тарапынан жыныстық сипаттағы қылмыс жасалғанын естігенін айтты.

"Қожахметова өзінің кабинетіне мектеп қызметкерлерін жинады. Жиналыста ол оқиға туралы Құқық қорғау органдарына хабарлауға тыйым салды. Сондай-ақ, директор оқушының анасынан қызын басқа мектепке ауыстыруды талап етті. Қожахметованың әрекетсіздігі нәтижесінде ер адамның өгей қызына қатысты жыныстық қорлық-зомбылығы тағы екі рет жасалған. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, бетпе-бет кездесу хаттамаларымен дәлелденді".

Айта кетейік, Қожахметова өз кінәсін мойындамай, ақтап шығаруды сұрады. Адвокат Айсұлу Біләлиева қорғаушы тарап сот үкіміне шағым түсіретінін айтты.

"Мұндай жағдайда кез келген мектеп директоры болуы мүмкін. Лариса Қожахметованың үш баласы бар. Қазір ол жұмыстан қуылды. Бұл әділетсіз шешім", - деді ол.

Айта кетейік, қыздың өгей әкесі жыныстық қатынасқа кінәлі деп танылып, 22 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал Жанғалы мектеп-гимназиясының директоры мектеп оқушысына жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын біле тұра жасырды деген күдікке ілінген еді. Ол қызметінен босатылып, үй қамауына алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram