16 сәуір 2021 09:07

БҚО тұрғыны үш жыл бойы өгей қызын зорлаған: мектеп директоры сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: politeka.net Фото: politeka.net

БҚО-да Жанғалы мектеп-гимназиясының директоры мектеп оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын біле тұра жасырды деген күдікке ілініп, сот алдына келді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


БҚО-да Жанғалы мектеп-гимназиясының директоры мектеп оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын біле тұра жасырды деген күдікке ілініп, сот алдына келді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Лариса Қожахметоваға қатысты іс Жаңғалы аудандық сотында қаралады.

Қылмыстық іс биыл 7 сәуірде сотқа жіберілген. Мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға ҚР ҚК-нің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") бойынша айып тағылды. Істі судья Ілияс Іргебаев қарайды.

Өгей қызына жыныстық сипаттағы әрекет жасаған тұрғын Жақсыбай Сұлтанов 2020 жылы сотталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу қызметіндегілер жасөспірімнің мұғалімдері бұл оқиғаны біле тұра құқық қорғау органдарына әдейі хабарламады деп мәлімдеген. Нәтижесінде мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды, ал қалғандары аудандық білім бөлімі тарапынан қатаң сөгіс алды.

Басты сот талқылауы 16 сәуірге белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети