09 маусым 2020 15:49

Блокбекеттегі жол апаты: BMW жүргізушісі оқиға болардан төрт күн бұрын қызметінен кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы блокбекетте жол апатын жасаған BMW жүргізушісі оқиға болғанға дейін төрт күн бұрын қызметінен кеткен. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы блокбекетте жол апатын жасаған BMW жүргізушісі оқиға болғанға дейін төрт күн бұрын қызметінен кеткен. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматов А.Т есімді ер адам полицияда 2014 жылдың 30 сәуірінен бастап 2020 жылдың 21 мамырына дейін патрульдік полиция полкінің инспекторы болған. Ол Ішкі істер органынан өз еркімен қызметінен кеткен. 

Қызмет барысында Азаматов А. төрт жаза артылған және ешқайсысында кешірім берілмеген. Бұл жазалар оның қызметтік-әскери тәртіпті бұзуымен және жауапкершілігі төмендігімен байланысты болды", - деп жауап берді ПД өкілдері Tengrinews.kz-тің ресми сауалына. 

Жол апаты кезінде күдікті мас күйде болған, бұл жүргізілген сот-наркологиялық сараптамамен расталған. Сараптама күдіктінің алкогольдік масаюының орташа дәрежесін анықтаған.

"25 мамырда Алматы облысындағы блокбекетте болған қайғылы оқиғаны тексеріп, талдағаннан кейін, оқиғаның себептерінің бірі жеке құраммен алдын алу жұмыстарына жол бермеу және құқық бұзушылық пен тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге қатысты дер кезінде әрекет ету шараларын қолданбау болды. Сонымен қатар, БАҚ-та бұрмаланған ақпаратты ұсыну фактілеріне сыни баға берілді. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша, ішкі істер министрлігінің бұйрығымен басшылық қатарынан тоғыз қызметкерге қатысты тәртіптік жаза шаралары қабылданды, оның ішінде үшеуі қызметінен босатылды", - деді қалалық ПД өкілдері. 

Қазіргі уақытта жол апаты бойынша қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиіс сараптамалар тағайындалды.

"Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының, 4-бөлігінің санкциясымен күдіктінің белгілі бір лауазымдарды атқару не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 25 мамырда таңғы сағат 5 жарымда 1992-ші жылы туған ер адам BMW маркалы көлігімен мас күйінде блокбекеттегі полиция көлігін соғып, оқиға орнында екі полиция қызметкері қайтыс болып, біреуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети