Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Бота Жұмановаға жасалған шабуылдың тергеуі ҚР ІІМ жеке бақылауына алынды

12 Қазан 2015, 13:22
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бота Жұмановаға жасалған шабуылдың тергеуі ҚР ІІМ жеке бақылауына алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда Бота Жұмановаға белгісіз біреудің дене жарақатын салу дерегі ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Зардап шегушінің хабарламасынан кейін оқиға орнына ІІД мен Алмалы аудандық ІІБ басшылығы жетті.

"Бұған дейін жіберілген жол-патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар экипажы көшелер мен үйлердің кіреберістерін қарап шықты. Сотқа дейінгі тергеу кезінде үйдің кіреберісіне орнатылған камераның видеожазбасы алынды, одан күдіктінің түрін көруге болады және тиісті шаралар қолға алынды. Қазір жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдіктінің кім екені анықтау және ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Құрылған жедел-тергеу тобын Алматы ІІД басшысының бірінші орынбасары басқарады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымовтан Бота Жұманованың ісін жеке бақылауына алуды сұрағаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, Алматыда журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған болатын. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады. 

Оқиғадан кейін бір күн өткенде соққыға жығылған журналист Бота Жұманова өзінің жағдайы жайлы айтып берді. Сонымен қатар, Алматыда журналист қызға шабуыл жасаған адам жайлы мәлімет берген адамға кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов сыйақы жариялады. Бұл туралы кәсіпкер Facebook желісіндегі өз парақшасында жария етті.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай