07 қараша 2022 18:43

Бір бөлігін сатып үлгерген: Алматыда қаңтар кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: polisia.kz Көрнекі сурет: polisia.kz

Алматы полициясы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарудың бір бөлігін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полициясы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қарудың бір бөлігін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазанның аяғында Алматыда полиция қызметкерлері қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқан алты күдіктіні анықтап, ұстады. Олар қарудың бір бөлігін сатып, ал қалған бөлігін жасырып үлгерген", - деді Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол қойма қаланың әр түкпіріндегі қаңырап бос қалған жерлерде анықталғанын түсіндірді. Қару-жарақпен қатар, оптикалық нысана және басқа да аң аулау құралдары табылған.

"3 қарашада Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Оңғарсынова көшесінің қиылысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 12 калибрлі "Байкал" аңшы мылтығы, "Калашников" автоматы, оған арналған оқ-дәрі, кесілген шолақ мылтық, граната, пневматикалық тапанша, бронжилет, резеңке таяқ, сондай-ақ әртүрлі калибрлі 58 патрон бар сөмке табылды", - деді Әділов.

Дегенмен, оның айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2026 қарудың қайда екені белгісіз күйінде қалып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети