Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Бурабайда әйел өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірді

09 Шілде 2015, 12:18
0
© Hvylya.net
© Hvylya.net

Ақмола облысында әйел адам өзімен бірге тұратын ер адамды пышақтап өлтірген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметін сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 шілдеде Ақмола облысы Бурабай ауданындағы үйлердің бірінен ұрыс шығып, нәтижесінде 55 жастағы ер адам қаза тапты. Оған өзімен бірге тұратын 48 жастағы әйелдің пышақ салғаны анықталды. Ол қылмысының ізін жабу үшін өртеп жібермек болған.

"Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөлімі "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел қамауға алынды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай