Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 6 наурызда сот шешімі бойынша, соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, Арман Жұмагелдиев ұсталғаны 7 қаңтарда белгілі болған еді. Бес адамнан тұратын қылмыстық топ Алматыда арнайы операция барысында ұсталғаны айтылды. Күдіктілерді тінту кезінде әртүрлі маркалы және калибрлі төрт автомат, оларға арналған оқ-дәрілер, қырлы қарулар мен броньды көлік тәркіленген.

Кейінірек оның қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны айтылды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі Дикий Арман мен оның тобының 14 мүшесі қамауда екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.65  course up  596.17  course up  6.63  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer