24 ақпан 2021 10:56

Екібастұзда жұрттың көзінше ер адамды атып өлтірген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Полиция Екібастұзда ер адамды атып өлтірген 60 жастағы күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция Екібастұзда ер адамды атып өлтірген 60 жастағы күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"23 ақпанда сағат 8:00-ден 8:10-ға дейін Екібастұздағы Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамға оқ атқан. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 65 жастағы ер адамды ұстады", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығы Нұрлан Мәсімов.

Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті Екібастұз қаласында уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс жасалған қару тәркіленді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, 23 ақпанда таңғы сағат 8 шамасында Екібастұз қаласының орталығында Сәтбаев көшесі, 12/6 мекенжайында орналасқан аулалардың бірінде оқпен жараланған ер адамның денесі табылғаны хабарланған еді.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлардан ер адам қоқыс төгуге шықаны көрінеді. Қайтар жолда оған медициналық маска мен көзілдірік киген белгісіз адам оқ атып, оқиға болған жерден ізін суытқан.

Кейін марқұмның жеке басы белгілі болды. Ол "Северные МЭС" KEGOС АҚ Екібастұз бөлімшесінің қызметкері Жанат Мақсұтов екені анықталды. Кәсіпорын басшылығы бұл ақпаратты растады және қайтыс болған адамның отбасына көмектесетінін хабарлады.

Қазіргі уақытта полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Егер ұсталған адамның кінәсі расталса, ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Анастасия Дзюбак, Екібастұз

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети