1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Екібастұзда кісі қолынан қаза болған адам KEGOK-та жұмыс істеген 23 ақпан 2021, 17:31

Екібастұзда атып өлтірілген ер адамның отбасына ол жұмыс істеген кәсіпорын көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Екібастұзда атып өлтірілген ер адамның отбасына ол жұмыс істеген кәсіпорын көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Северные МЭС" АҚ KEGOK бөлімшесі Екібастұзда кісі қолынан қаза тапқан ер адам кәсіпорында электр жабдықтары маманы болып жұмыс істегенін растады.

"Северные МЭС" АҚ KEGOK бөлімшесі директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Азамат Әмреновтің айтуынша, қаза тапқан адам осы компания қызметкері болған. Ол марқұмның отбасына көмек көрсетілетінін айтты.

"Біз қызметкеріміздің отбасына міндетті түрде көмектесеміз. Бірақ дәл қазір қандай көмек көрсетілетінін нақты айта алмаймын. Бұл мәселе бойынша кеңес өткіземіз", - деді Азамат Амренов.

Айта кетейік, 23 ақпанда таңғы сағат 8 шамасында Екібастұздағы үйлер ауласының бірінен ер адамның денесі табылды. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлардан ер адам қоқыс төгуге шықаны көрінеді. Қайтар жолда оған медициналық маска мен көзілдірік киген белгісіз адам оқ атып, оқиға болған жерден ізін суытқан.

Полиция департаменті күдікті әлі ұсталмағанын хабарлады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқиғаның куәгерлері болса 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!