14 қараша 2021 17:02

Елордадағы сауда орталығында болған төбелес: күдікті ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Елордалық полицейлер сауда орталығында жігітті ұрып-соқты деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елордалық полицейлер сауда орталығында жігітті ұрып-соқты деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол 31 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

Сауда орталығының маңында полицияны шұғыл шақыру үшін терминал орнатылғаны белгілі, тәулік бойы патрульдеу жүргізіледі. Сонымен қатар, полицейлер азаматтарға зорлық-зомбылық көрсеткені, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Осындай іс-әрекеттер туындаған жағдайда, дереу полицияға немесе 102-ге жүгіну қажет екенін еске салады.

Еске салайық, 9 қараша күні сағат 21.30 шамасында 102-ге Достық көшесіндегі "Керуен" сауда орталығында төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын.

Полиция қызметкерлері 17 жастағы екі қызбен танысуды өтініп жігіттердің келгенін, оған кәмелетке толмағандардың бірі жақын маңда досымен жүрген 19 жастағы ағасын шақырғанын анықтады. Келген бойда жастардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети