Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды

13 Мамыр 2016, 17:44
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты үш күдіктіні қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

"Алматы аудандық №2 сотының қаулысы бойынша, медициналық университеттің студенті Әубәкіровтің өліміне қатысты күдіктілер Әжімбай, Тихоненко, Шерстеневті қамауда ұстау мерзімі төртінші айға ұзартылды", - делінген Астана сотының сауалға берілген жауабында.

Мейірбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатқан органнан мерзімді ұзарту туралы өтініш түспеген. 

"Күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі қылмыстық процесті жүргізіп жатқан органдардың өтініші бойынша ұзартылады, бірақ мерзім ҚР ҚПК-ның 151-бабында қарастырылған мерзімнен аспайды", - деп хабарлады соттағылар.

Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді. Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда жедел-іздестіру жұмыстарының барысында табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды. Әубәкіров интерн-хирург болған. Студенттің достары оның үздік оқығанын, белсенді болып, қатарластарымен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай