07 қараша 2022 12:27

Ерлі-зайыпты туыстарымен секс-притон ашқан - ІІМ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер ерлі-зайыпты ұйымдастырған жезөкшелер үйін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полицейлер ерлі-зайыпты ұйымдастырған жезөкшелер үйін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, жезөкшелер үйін ашқан жеті адамнан тұратын ұйымдасқан топ әшкереленген.

"Ерлі-зайыпты табыс табу мақсатында қонақ үй кешенін жалға алып, ол жерде жезөкшелер үйін ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылар әкімші, такси қызметіне жақын туыстарын тартқан", - деді Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен онлайн брифинг барысында.

Интимдік қызмет көрсеткен қыздар таныстары арқылы жұмысқа алынған. Олар келісім шарт бойынша қонақүйде тұрып, 50 де 50 бойынша жұмыс істеген.

Полицияның мәліметінше, ұйымдастырушылар қыздарды ұзақ уақыт ұстау үшін қарызға бату әдісін қолданған.

"10 қыз 5 мың мен 40 мың теңгеге дейін ақыға қызмет көрсеткен. Қызмет көрсету үшін топ тек түнде - кешкі сағат 21.00-ден таңғы 5-ке дейін жұмыс істген. Күніне 50-ге жуық тұтынушы келетін болған", - деп қосты ІІМ өкілі.

Күдіктілер қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети