28 маусым 2021 17:31

"Ертең қызық болады". Қаруланған жігіт астаналықтарды шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерден алынған сурет Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Камуфляж формамен қолына қару ұстаған күдікті суретін жариялап, қала тұрғындарының үрейін қашырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Камуфляж формамен қолына қару ұстаған күдікті суретін жариялап, қала тұрғындарының үрейін қашырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам астаналықтарға үндеуін VK әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Ертең Нұр-Сұлтанда қызық болады", - деп жазған ол сурет сипаттамасына. 

Ер адамның қолында бірнеше қару, әскери жилет және камуфляж формасы бар.

 

Полицияның мәліметінше, суретте 23 жастағы астаналық.

"25 маусымда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің қолданушысы парақшасында қарумен түскен суреттерін жариялады. Сурет авторы әскери форма киіп алған. Одан бөлек, 102-ге қала тұрғыны ұлына "ертең астанада қызық болады" деген суреттер келгенін айтқан", - дейді қалалық ПД өкілдері. 

Ол ұсталып, полицияға жеткізілді.

"Сурет авторының сөзінше, ол страйкболмен айналысып, ол жазбаны "ВКонтакте" желісінде оқырман санын көбейту мақсатында жазған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-абы бойынша соталды тергеу басталып, атыс қаруына иелігін анықтау мақсатында баллистикалық сараптама тағайындалды", - деді полиция өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети