14 тамыз 2022 08:55

Есіктегі кафеде 26 жастағы ер адамды аяусыз соққыға жыққандарға іздеу жарияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есік қаласындағы кафеде белгісіз үш адам 26 жастағы жігітті аяусыз соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Пятый регион" басылымына сілтеме жасап.


Есік қаласындағы кафеде белгісіз үш адам 26 жастағы жігітті аяусыз соққыға жыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Пятый регион" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, зардап шегуші ес-түссіз, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оның жақ сүйегі мен қолы сынып, күрделі ота жасалған.

Оқиға 9 тамыз кешке болған.

"Владимир кафеде танысымен кездескен. Ал бір топ жігіт көрші дастарханда көңіл көтеріп отырған. Бір кезде Владимирдің досы мен көрші столдағылардың арасында жанжал басталады. Көп ұзамай ағам досын сабырға шақырып сыртқа шығарып, таксиге отырғызып жіберген. Осыдан кейін әлгі үшеуі інімнің қасына келіп, ұрып-соғады. Олар оны жарты сағаттай қинаған", - деді жәбірленушінің ағасы Александр.

Сондай-ақ, ол Владимирдің сабырлы, жанжалға жақын емес екенін айтады.

"Үйленген, үш баласы бар, Алматыға барар алдында кафеге кірген. Кішкене сыра ішкен. Бірақ жанжал шығаратындай мас емес", - дейді ағасы.

Полицейлер 30-35 жас аралығындағы үш күдіктіні іздестіріп жатыр.

"Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есік қаласы, Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімі іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Егер күдіктілер анықталса, қосымша ақпарат береміз", - деді Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ бастығының орынбасары, полиция майоры Ербол Қисыбаев. басылым.

Жәбірленушінің туыстары жақын арада қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылады деп үміттенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети