03 желтоқсан 2014 21:55

Еуразиялық банк клиентінің тоналғаны түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tumba.kz Фото: Tumba.kz

Ақтауда Еуразиялық банк клиентінің қалай тоналғанын айғақтайтын бейнекамераға жазылып қалған көрініс табылды, - деп хабарлайды Тумба.kz интернет-басылымы.


Ақтауда Еуразиялық банк клиентінің қалай тоналғанын айғақтайтын бейнекамераға жазылып қалған көрініс табылды, - деп хабарлайды Тумба.kz интернет-басылымы.

Тергеушілер ұсталған қарақшыдан тоналған ақшаның азғантай ғана бөлігін тапқан. Қазіргі таңда күдіктінің қалған ақшаны қайда тыққаны немесе не нәрсеге жұмсағаны анықталып жатыр. Тергеушілер істі жоспардағыдай жүргізу мақсатында ұрланған қаржының нақты сомасын жарияламай отыр.

Еске саламыз, кісі тонау оқиғасы 2 желтоқсанда Ақтау қаласының 8-ықшам ауданында орналасқан Еуразиялық банктің бөлімшесінде болған. Ол кезде ер адам есеп-шотынан белгілі бір сомадағы ақшасын шешіп алып, бөлімшеден шығуға бет алғанда белгісіз біреу сол ғимарат ішінде банк клиентіне шабуыл жасап, төрт миллион теңгеге жуық ақшасын алып қашқан. Қарақшы ақшаны күшпен алмақ болғанда банк клиенті түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған екен. Жәбірленуші дәл қазір аяғы сынып, иығы шыққандықтан ауруханада жатыр.

Полицейлер қарақшыны ізі суымай жатып қолға түсірді. Ол Ақтау қаласының 40 жастағы тұрғыны болып шыққан. "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети