27 мамыр 2021 12:13

Грузиядағы қазақ қызының өлімі: күдікті 2 айға қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Сот Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтбаеваның ісі бойынша күдіктіні қамауға алуға санкция берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астана сотының ресми сайтына сілтеме жасап.


Сот Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтбаеваның ісі бойынша күдіктіні қамауға алуға санкция берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астана сотының ресми сайтына сілтеме жасап.

"2021 жылғы 25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты азамат М.-ны 2 ай мерзімге, 2021 жылғы 15 шілдені қоса алғанда қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Қазіргі таңда, М. Грузия Республикасында жұмысқа орналастырамын деген сылтауымен пайдалану мақсатында А-ға қатысты мәміле жасады деп күдіктелуде, бұл абайсызда оның өліміне әкеп соққан (ҚК-нің 128-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы)", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаева жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған еді

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс боларының алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адам оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі. 

Грузия прокуратурасы қыз қайтыс болғанға дейін зорланғанын мәлімдеді. Қылмыс жасады деген күдікті Бесик Тордуа келесі күні ұсталды. Оның кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Грузияда қаза тапқан қазақстандық қыздың анасы мәлімдеме жасады

Кейін Грузияның Бас прокуратурасы қазақстандық Әсел Айтбаеваның өлімі туралы іс бойынша тағы бір адамға - қыздың алыс туысы қазақстандық Мұрат Мейірбековке сырттай айып тақты.

БАҚ мәліметінше, қайтыс болған қыз Грузияға сәуірде жұмысқа кеткен. Алдымен ол Рустави қаласында туыстарымен бірге тұрған, кейін Тбилисиге көшкен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети