15 мамыр 2021 09:12

Грузиядағы қазақ қызының өлімі: туысына зорлады деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Грузияның Бас прокуратурасы қазақстандық Әсел Айтбаеваның өлімі туралы іс бойынша тағы бір адамға - қыздың алыс туысы қазақстандық Мұрат Мейірбековке сырттай айып тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik-Грузия және КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Грузияның Бас прокуратурасы қазақстандық Әсел Айтбаеваның өлімі туралы іс бойынша тағы бір адамға - қыздың алыс туысы қазақстандық Мұрат Мейірбековке сырттай айып тақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik-Грузия және КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық қыздың ата-анасы бас прокуратураға арыз жазды. Айтбаевтар отбасы баласы мерт болғаннан бері туысқаны Мұрат Мейірбековті Грузияға депортациялай алмай жүр. Өйткені қыздарын шетелге жұмысқа алып кетіп зорлады деп күдіктенеді.

"Мен жәбірленуші тарап секілді Әселдің өзін-өзі өлтіргеніне сенбеймін. Оны - өлтірген. Қылмыстық іс "өзін-өзі өлтіру" емес, "өлтіру" бабы бойынша жүргізілуі тиіс. Егер тергеу Мұраттан жауап алмаса, мен өзім оның тергелуін талап етемін. Себебі, ол - істегі басты кейіпкер. Қызды Грузияға әкелді, марқұмның қалдырған айғағында оны зорлағаны айтылған", - деді Айсұлу Айтбаеваның адвокаты Нино Андриашвили.

КТК тілшілері Мұрат Мейірбеков туралы деректерді қазбалап, атында елордада пәтер бар екенін анықтады. Үйіне барғанда Мұрат болмай шықты. Пәтер басқа біреулерге жалға берілген екен.

Мұрат Мейірбековтің жасы 37-де. Бірінші некесінен қызы, екіншісінен ұлы бар. Қазір әйелінің аяғы ауыр. Ал Мұраттың енесі күйеу баласына шаң жуытпай отыр. Айтуынша, оның еш кінәсі жоқ.

"Ол аудандық ішкі істер бөліміне барып, өзінің жауабын берді. Кінәлі деп айта алмаймын. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бәрі оны жеңгетайлықпен айналысқандай жауыз қылып, айтып, жазып жатыр. Ол отбасылы азамат. Шынымды айтсам, қызға қайғырдым. Обал болды", - деді Мұрат Мейірбековтің енесі.

Бұған дейін Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаева жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған еді

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс боларының алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адам оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі. 

Кейін Грузия прокуратурасы қыз қайтыс болғанға дейін зорланғанын мәлімдеді. Қылмыс жасады деген күдікті Бесик Тордуа келесі күні ұсталды. Оның кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Грузияда қаза тапқан қазақстандық қыздың анасы мәлімдеме жасады

Сонымен қатар, грузиялық БАҚ қазақстандық қызды зорлап, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген күдіктінің суретін жариялады. Ол сот басталғанға дейін қамауға алынды. Іс бойынша алдын ала тыңдау 23 маусымда өтеді.

БАҚ мәліметінше, қайтыс болған қыз Грузияға сәуірде жұмысқа кеткен. Алдымен ол Рустави қаласында туыстарымен бірге тұрған, ал үш апта бұрын Тбилисиге көшкен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети