09 наурыз 2017 16:49

Жаманқұловтың ісі: Талғад Жәнібеков еңбекақы төлеу кезінде ақша жымқырған - тергеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғад Жәнібеков осыған дейінгі сот отырыстарында. © Tengrinews.kz Талғад Жәнібеков осыған дейінгі сот отырыстарында. © Tengrinews.kz

Тергеу нұсқасы бойынша, Талғад Жәнібеков "Феникс" фильмінің режиссері ретінде еңбекақы алып отырған, алайда өз міндетін мүлде орындамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен бірге, түрлі қызмет түрлері үшін деп өзге тұлғаларға төленген қаржыны да иемденген. Бұл айыптар Медеу аудандық № 2 сотында өтіп жатқан басты сот отырысы кезінде айтылды. 


Тергеу нұсқасы бойынша, Талғад Жәнібеков "Феникс" фильмінің режиссері ретінде еңбекақы алып отырған, алайда өз міндетін мүлде орындамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен бірге, түрлі қызмет түрлері үшін деп өзге тұлғаларға төленген қаржыны да иемденген. Бұл айыптар Медеу аудандық № 2 сотында өтіп жатқан басты сот отырысы кезінде айтылды. 

Тергеу мәліметі бойынша, Талғад Жәнібеков Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-мен 2014 жылдың 4 мамырында қоюшы режиссер қызметін атқаратыны туралы келісімшарт жасасқан. 

Сотқа дейінгі жүргізілген тергеу 2014 жылдың 5 мамыры мен 2015 жылдың 13 мамыры аралығында Жәнібеков 1 665 276 теңге алғанын анықтаған. Тергеу бұл қаржының заңсыз аударылғанын және Жәнібеков оны жеке мақсатына жұмсағанын айтады. 


Талғад Жәнібеков осыған дейінгі сот отырыстарында. © Tengrinews.kz

Сонымен қатар, Жәнібековке халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың нұсқауы бойынша құжаттарды толтыру мен басып шығаруға, кеңсе тауарларын сатып алуға, әдеби сценарийді ағылшын тіліне аударуға және Францияның Канн қаласына іссапары үшін бір миллион теңге аударылған. Бұл сомадан Жәнібеков ЖШС кассасына 75 мың теңге қайтарған. 

Ары қарай "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина Жаманқұловтың айтқанын орындай отырып, Жәнібековке 60 мың теңге берген. 

Келесі 137 089 теңгені Жәнібеков "Феникс" фильмінің кеңесшісінің қызметін атқарғаны үшін алған. Тергеу режиссердің келісім шарттарын орындамаған деп есептейді. 

Тағы да 94 458 теңгені Жәнібеков "Феникс" жобасын Астанада қорғау мен келіссөздер жүргізу үшін деп алған. Тергеу бұл қаржының сметада қарастырылмағанын және басқа мақсатта жұмсалып кеткенін айтады. 

Сонымен бірге, Юдина өзге тұлғалар арқылы қосымша төлемдер жасаған және TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС режиссердің жалдамалы пәтерінің ақысын төлеген.


Талғат Жәнібеков осыған дейінгі сот отырыстарында. © Tengrinews.kz

Талғад Жәнібеков 2016 жылдың 28 желтоқсанында ұсталды. Режиссер мұны заңсыз деп тауып, аштық жариялады. Адвокаттың сөзінше, үш күннен кейін Жәнібеков туыстарының айтуымен аштықты тоқтатқан. Келесі күні ол екі айға қамалды. Адвокат Серік Айтбаев бұлтартпау шарасын кепілге босату түріне ауыстырғысы келген. Алайда бұл шешім өзгермеді. Алдын ала тыңдау кезінде адвокат тағы да осы өтінішін айтты, дегенмен, судья шешімді өзгеріссіз қалдырды. 

Жәнібековпен бірге тоғыз адам айыпталды: халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, "Феникс" фильмінің атқарушы продюссері Наталья Юдина, "Қазақфильм" АҚ-ның экономика және қаржы бойынша атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Ғизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, түсіру тобының директоры Марлен Әбішев, ЖШС-ның өкілі Маратұлы Әбдіқадыров. Олар "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген қаржыны жымқыру мен жымқыруға болысқан деп айыпталып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметі бойынша, "Қазақфильм" АҚ фильмді дайындау алды және дайындау кезеңінде Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-на 79 миллион теңге аударған. Бұл сомманың 69 миллионын картинаның бас продюссері Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-ның құрылтайшысы Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған-мыс. Кейін Жаманқұлов кінәсін мойындады.

16 қарашада Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Қайрат Қожамжаровтың сөзінше, Жаманқұлов "Қазақфильм" алдындағы қарызын қайтарып беруге уәде берген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети