Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жамбыл облысында бала өліміне қатысы бар делінген күдікті қамауға алынды

19 Ақпан 2016, 09:25
8
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Сот Жамбыл облысындағы бала өліміне қатысы бар делінген күдіктіні қамауға алу туралы үкімді санкциялады, - деп хабарлайды КТК.

Телеарнаның мәліметінше, Ұлттық ұлан жауынгерлері қайғылы оқиға болған Бурыл ауылынан кетуге әзірлік үстінде. Айта кетейік, арнайы жасақ ауылға тәртіпсіздікті болдырмау мақсатында келген еді.

Еске салайық, 2016 жылы 15 ақпанда сағат 17.00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жекеменшік үйден кәмелеттік жасқа толмаған Дүйсенбек А. С. есімді баланың денесі табылған болатын. Денеден зорлық белгілері анықталды. Осы дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы - "Кәмелетке толмағандығы белгілі баланы өлтіру" бойынша тергеу амалдары басталды. "Қылмыс қаза тапқан баланың отбасының дүние-мүлкін тонаумен байланысты, яғни тұрмыстық сипатта болған. Осы іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жергілікті халықтың алаңдаушылық білдіруіне байланысты, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары қызметкерлері жиын өткізіп, тергеу барысында жиналған ақпаратты бөлісті", - делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осы оқиғаға байланысты түсінік берді. "Қазір жағдай қалпына келтірілді. Меніңше, диаспоралар мен жергілікті билік түсіндіру жұмыстарын жүргізді, әкімдік пен құқық қорғау органдары шара қолданып жатыр. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды. Бізде ұлттық ұланымыз бар, ол күшейтілген нұсқаға өтті. Күдіктіге күзет қойылды. Бүгін оны қамау туралы мәселе шешіледі. (...) Барлығы бақылауда, ол жақта ешқандай да режим енгізген жоқпыз", - деп хабарлады ІІМ басшысы. (Дереккөз: КТК)


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (8)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай