22 қыркүйек 2020 16:02

Жамбыл облысында екі ер адам 28 келі есірткімен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© omsk.media © omsk.media

Жамбыл облысының екі тұрғынынан 28 келіден аса есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысының екі тұрғынынан 28 келіден аса есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Луговой станциясындағы полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 11 тамызында "Қарасора-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Т.Рысқұлов ауданының құмды аймағында Жамбыл облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру кезінде олардың әрқайсынан ішіне өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған бір-бір қап табылып, тәркіленді", - деді Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекеев.

Оның айтуынша, құқықбұзушылардың тұрғылықты жеріндегі шөп қораны тінту кезінде тағы да 1,5 қап есірткі заты табылған.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 28 келіден асатын марихуана есірткі заты болып шықты, - деді Бекеев.

Ведомство мәліметінше, Тұрар Рысқұлов аудандық сотының үкімімен ұсталғандар осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети