04 қаңтар 2021 14:57

Жаркентте ер адамға оқ атты деген күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото lol54.ru сайтынан Фото lol54.ru сайтынан

Жаркентте 39 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен екі азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.


Жаркентте 39 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікпен екі азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

"2021 жылғы 3 қаңтарда Панфилов ауданының полиция бөліміне Жаркент қаласында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оған оқ атылған. Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы қайтыс болған адамның кім екенін анықтады. Ол жергілікті тұрғын, 39 жастағы азамат М. болып шықты. Қазір қылмыс ашылды. Жаркент қаласының екі тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ер адамдар танысын жеке мәселесі бойынша өлтіргенін мойындады. Олардың айтқаны мұқият тексеріледі. Екеуі қамауға алынды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы бойынша тиісті сараптамалар тағайындала отырып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети