18 қараша 2021 09:30

Жаркентте ойын клубына қарулы шабуыл жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры/©polisia.kz Видео кадры/©polisia.kz

Алматы облысы Жаркент қаласындағы ойын клубына қарақшылық шабуыл жасалды. Бірнеше ер адам клубтан миллион теңгеден аса қаражат алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматы облысы Жаркент қаласындағы ойын клубына қарақшылық шабуыл жасалды. Бірнеше ер адам клубтан миллион теңгеден аса қаражат алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 15 қарашада сағат 4.00 шамасында болған. Панфилов ауданы ПБ кезекші бөліміне Жаркент қаласындағы ойын клубына қарулы қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен. Қарақшылар бір миллион теңгеден аса қаржыны иемденіп кеткен. Арызданушылар қылмыскерлер тапаншамен қаруланғанын және қорқыту мақсатында жоғарыға бір рет оқ атқанын жеткізген.

Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшылары күдіктілерді жедел түрде анықтап, ұстаған.

"Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі 1,4-тармақтары бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тексеру барысында қылмыс орнынан диаметрі 9 миллиметр болатын атыс гильзасы табылды. Кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы облысы ПД КПБ қызметкерлері мен Панфилов ПБ КПБ жедел қызметкерлері Жаркент қаласының тұрғындары, үш күдіктіні Алматы қаласының әртүрлі жерінен (қонақүйден, жалдамалы пәтерден және көшеден) анықтап, ұстады", - делінген хабарламада.

Ұстау кезінде 20 жастағы күдіктіден ұрланған ақшаның жартысы мен тапанша тәркіленген. Соманың тағы бір бөлігі 22 жастағы екінші күдіктіден және олардың 23 жастағы серіктесінен алынған.

"Барлық ұсталған азаматтар дәлелдермен әшкереленіп, қалған ақшаны ойын-сауыққа жұмсағанын жеткізіп, қылмыс жасағандарын мойындады. Қаскүнемдердің әрекеттері бейнекамераларға түсіп қалған. Барлық үш фигурант ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілгенге дейін УҰО-ға қамаққа алынды", - деді Алматы облысы ПД ТБ бастығының орынбасары Самал Арғынғазынова.

ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети