19 ақпан 2020 17:12

Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген алматылық әйел 4 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СТВ © СТВ

Алматыда Розыбакиев көшесінде адам қағып өлтірген қызға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Розыбакиев көшесінде адам қағып өлтірген қызға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Соттың үкімімен Зарина Сайфулина төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

"Сот алқысының шешімімен Зарина Сайфулина ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп танылдыү Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің минимал қауіпсіздік колониясында өтейді", - деп хабарлады соттағылар.

Сондай-ақ, сот айыпталушыны 4 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Зарина Сайфулина сот залында қамауға алынды.

Еске салайық, жол апаты MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығына қарама-қарсы жолда болған еді. 27 жастағы қыз ұйықтап кетіп, көлік жол жиегіне шығып кеткен де, сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіреберісте жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға салдарынан жүргізуші жеңіл жарақат алды, ал жаяу жүргінші оқиға болған жерде қаза тапқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети