04 қазан 2020 17:55

Желіде баланы ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады: күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Желіде ер адамның кішкентай баланы ұрып-соққан сәтінің видеосы тараған. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Желіде ер адамның кішкентай баланы ұрып-соққан сәтінің видеосы тараған. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Журналист Жазира Бегалы Facebook желісіндегі парақшасында ер адамның үш баласы мен әйелін ұратынын айтып, видеосын жариялаған. Видео кадрларынан белгісіз ер адамның баланы ұрып-соғып, балағаттап жатқанын көруге болады. 

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасын анықтады. Тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғаны айқындалды", - делінген хабарламада.

Осы іске байланысты күдікті ұсталған. Сондай-ақ, сол ауданның учаскелік полициясына қатысты да қызметтік тексеріс жүріп жатыр.  

"Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 110-бабы "Азаптау" бойынша Қазығұрт АПБ-нің СДТБТ-не тіркеді. Кінәлі азамат заңды түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар, аудандық учаскелік полиция инспекторына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта аталған жайттың толық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети