26 шілде 2016 10:13

Жол қозғалысы ережесін бұзған адамның үстінен шағымданған алматылық өзіне сес көрсетілгенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Hvylya.net © Hvylya.net

Tengrinews.kz редакциясына оқырман келіп, өзінің басынан өткен жағдайды баяндап берді. Ол жол қозғалысы ережесін бұзған адам туралы полицияға хабарлағаннан кейін оған сес көрсетілген.


Tengrinews.kz редакциясына оқырман келіп, өзінің басынан өткен жағдайды баяндап берді. Ол жол қозғалысы ережесін бұзған адам туралы полицияға хабарлағаннан кейін оған сес көрсетілген.

Оның айтуынша, 9 шілдеде ол ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы Toyota автокөлігінің жүргізушісі көлікті рұқсат етілмеген жерге қойғаны туралы хабарлаған. 12 шілдеде ӘПК-нен хат келген, онда келген мәліметтерді Алматы қалалық ішкі істер департаментіне жіберілетіндігі хабарланған.

"2016 жылдың 22 шілдесінде шамамен сағат 22.30-да мен өз отбасыммен үйден шыға бергенімде танымайтын бір адам алдымнан шығып, менің аты-жөнімді толық атады, содан кейін өзін мен шағымданған көліктің жүргізушісі екендігін айтты. Toyota көлігінің жүргізушісі маған әрекеттерімнің дұрыс еместігін түсіндіре бастап, шағымды қайтып алуымды дөрекі түрде талап етті. Егер арызды қайтып алмайтын болсам, маған бір қастандық жасайтынын ескертті. Мұның барлығына менің әйелім куә. Осыған байланысты менде сұрақ: Toyota маркалы көліктің иесі оның ереже бұзғаны жайында шағымданған адамның кім екендігін қалай білген?", - дейді оқырман.

Ол осы жағдай бойынша түсінік алу үшін және қандайда бір шара қолдану үшін Алматы қаласының ІІД-не барған. Бір жағынан ҚР ІІМ-нің басшылығы азаматтардың бастамасын және елдегі заңдылықтың сақталуына қоғамдық бақылауды арттыру роліне бағытталған. Алайда, құқық қорғау органдарының кейбір жосықсыз қызметкерлерінің өз әрекеттерімен осы міндеттерді жүзеге асыруға кедергі болып, полиция және жалпы мемлекеттік мекемелерге сенімсіздік туғызады. Мұндай жағдайдан кейін қарапайым тұрғындар құқық қорғау қызметіне көмек көрсету, куәгер болу және заңның бұзылғандығын хабарлауды жалғастыра ма? Әрине жоқ", - дейді ол өзінің жолдамасында.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянинаның айтуынша, ҚР кодексінің 744-бабы ("Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы") бойынша хаттама толтырылатын азамат іс материалдарымен толығымен танысуға құқылы. "Оған арыз жазылғандығы жөнінде хабарланады және іс материалдарымен танысуға мүмкіндік беріледі, сондай-ақ ол шағымданушының кім екендігін білуге құқылы. Ал осы жағдайда бізде шағым түсірген адамның Facebook желісіндегі парақшасынан алынған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ", - деді Лукьянина. Оның айтуынша, егер жол қозғалысы ережесін бұзған адам шағымданушыға шығып, оған қоқан-лоқы көрсетсе, соңғысы полицияға хабарласуы керек.

Осыған дейін ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жол қозғалысы ережесін бұзу деректерін, яғни фото мен видеоматериалдарды қабылдайтынын айтқан. Полицейлер тек жіберілген фото немесе видеоның уақытын көрсетуді сұрайды. Себебі, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңға сәйкес, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні жауапкершілікке тарту үшін оқиға мерзімі екі айдан аспауы тиіс.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети