11 ақпан 2021 14:34

"Жыл блогері". Атырауда карантин талабын бұзғандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:atpress.kz Фото:atpress.kz

Атырауда мобильді топ карантин кезінде "Жыл блогері" марапаттау рәсімін өткізгендерді анықтады. 10 ақпанда өткен шараға 100-ге жуық адам қатысқан, - деп хабарлайды ATPress.kz.


Атырауда мобильді топ карантин кезінде "Жыл блогері" марапаттау рәсімін өткізгендерді анықтады. 10 ақпанда өткен шараға 100-ге жуық адам қатысқан, - деп хабарлайды ATPress.kz.

"Жыл блогері" марапаттау рәсімі Атыраудағы мейрамханалардың бірінде өткен. Басылым мәліметіне сүйенсек, шараға қатысушылар әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан. Сол арқылы іс-шара бақылаушы орган назарына іліккен.

Мейрамханаға жедел жеткен мобильді топ марапаттау рәсімін ортасынан тоқтатып, қатысушыларды далаға шығарды.

"Жыл блогері" байқауының қорытындысы "Сұлтан холл" мейрамханасында ұйымдастырылған. Мейрамхана иесіне түсіндіру жұмысын жүргіздік. Аталған заңбұзушылық дерегі бойынша барлық материал Тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданады. Сондай-ақ, іс-шара ұйымдастырушылары анықталып, оларға қатысты қажетті шара қолданылады", - деді мобильді топ өкілінің бірі Сәбит Сүлейменов.

Айта кетейік, қаңтарда Қарағандыда полицейлер карантин кезінде үйлену тойын ұйымдастырғандарды анықтаған еді. Мейрамханада бір уақытта екі шара өткен. Бір залда 25 адамға, екіншісінде 45 адамға арналған төрт дастархан жайылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети