27 маусым 2017 22:12

Кафеде жыныстық қатынасқа түскендердің кім екені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ролик кадры Ролик кадры

Павлодардағы кофеханада түсірілген порнороликтегі 28 жастағы қыз "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 


Павлодардағы кофеханада түсірілген порнороликтегі 28 жастағы қыз "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Әлеуметтік желілерде таралып жатқан видео Абай көшесінде орналасқан кофехананың әжетханасында түсірілген. Видеодағы 28 жастағы қыз анықталды. Осы дерек бойынша қызға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы колексінің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды және Павлодардың мамандандырылған сотына жолданды", - деп хабарлады полицейлер.

Сонымен қатар, қыз әкімшілік жазаға тартылғаннан кейін полицейлер павлодарлықты порновидео таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпақ. "Бұл дерек тексеріледі. Егер тарату дерегі расталса, соталды тергеу басталады", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Еске салайық, таяуда Павлодардағы кафе әкімшілігі ғимарат дәретханасында ұятты ролик түсіргендерді анықтап, жазалауды талап еткен еді. Мұндай арызға осы кафеде түсірілген порноролик себеп болып отыр. Видеода ер адамға өзін ұсынып, екеуі дәретханаға барады. Одан кейін есікті іштен жауып, жыныстық қатынасқа түседі. 

Кафенің Instagram желісіндегі ресми парақшасында роликтегі адамдар Павлодардың және Қазақстанның өзге қалаларындағы кафелерде мұндай істі бірнеше рет істегені жазылған. Бұл роликтегілер мұның алдында Екібастұз әкімдігі алдында жыныстық қатынасқа түскені үшін айыппұл төлеген болатын. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети