08 шілде 2022 09:21

Қант сатылады: алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдап жүр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay Фото: pixabay

Полицейлер елдегі қант тапшылығын пайдаланып, қазақстандықтарды алдап жүрген алаяқтар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Полицейлер елдегі қант тапшылығын пайдаланып, қазақстандықтарды алдап жүрген алаяқтар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір Оралда көкөністер мен жемістер арзандады, қысқа дайындық жасайтын уақыт келді. Бірақ қант бәріне жетпейді.

"Жақында 25 келі қантты 16 мың теңгеге сатып алдым. Бүгін базарға келсем - қант 200 теңгеге қымбаттап кетіпті. Жыл сайын 300 банкадан жабамын. Биыл қант өте қымбат болғандықтан 100 ғана банка", - деп шағымданды Орал қаласының тұрғыны Сара Үмбетярқызы.

Бұл ретте қант тапшылығынан пайда табуды шешкендер де тез пайда бола кеткен. Жарнама сайттары 250-300 теңгеден қант сатылатыны туралы хабарламаларға толы. Сатушылар қоңырауларды тек WhatsApp арқылы қабылдайды.

"Қаппен сатпаймыз, тек 250 келіден, көтерме сауда. Шымкентте орналасқанбыз. Бағасы 87 500 теңге болады. Бір келісінің бағасы 350 теңге. Жүкті кімге тіркеу керек, тегін, атын, әкесінің атын айтыңыз. Нақты мекенжайы - қайда жеткізу керек", - деді телефон арқылы журналистерге "сатушылардың" бірі.

Алаяқтар тіпті келісімшарт жасасады, құжат береді, өнімнің суреттерін жібереді, бірақ қант тұтынушыларға жетпейді, дейді полицейлер. Тәртіп сақшылары қазірдің өзінде осыған ұқсас екі факт бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Олар қант алаяқтарын анықтау оңай емес дейді. Олар мұқият жасырынған немесе тіпті басқа елде болуы мүмкін.

"Клиенттермен сөйлесіп, ақша жіберуі керек екенін айтады, шамамен 30 мың теңге, 5 қап қантты мекенжайға жібереміз, дейді. Осыдан кейін тұрғындар ақша жібереді, ал алаяқтар нөмірін бұғаттап тастайды", - деп түсіндірді БҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының тергеушісі Ілияс Мұқанов.

Желідегі алаяқтар саны күрт өскен. Егер осыдан 5 жыл бұрын облыстың 26 ​​тұрғыны Желіде алданып қалған болса, қазір алаяқтардың құрбаны болғандар саны 20 есе өскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети