03 мамыр 2022 15:40

Қаңтар оқиғасы: Бас прокуратура күдіктілер санын атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке қанша қазақстандық ілінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке қанша қазақстандық ілінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ел бойынша қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке 721 адам ілінген, оның ішінде 281 адам қамауға алынды. Алматыда - 82 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 35 адам, Жамбыл облысында - 44 адам, Шымкентте - 43 адам, Қызылорда облысында - 36 адам, Атырау облысында - 14 адам, Алматы облысында - 5 адам және Ақтөбе облысында - 4 адам", - деді баспасөз брифингінде Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов. 

Оның айтуынша, бүгінде сотқа 288 қылмыстық іс жолданған, оның ішінде Алматы қаласында - 208, Алматы облысында - 49, Жамбыл облысында - 10, Шымкентте - 9, Қызылорда облысында - 5, Түркістан облысында - 4, Ақмола облысында - 2, Атырау облысында - 1.

Қилымжанов Қызылорда облысында аса ауыр қылмыс жасағандардың біріне қатысты тергеу аяқталғаны туралы айтты.

"Қызылордада 5 қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ол сыбайластарымен Ұлттық ұланның КамАЗ жүргізушісін соққыға жыққан. Содан кейін күдікті әскери техниканы ұрлап, көліктің газ педаліне кірпіш қойып, оны әскери қызметкерлерге қарай бағыттаған, ал қылмыскер КамАЗ кабинасынан секіріп кеткен", - деді ол.

Автокөлік асқан жылдамдықпен әскерилерді қағып, нәтижесінде әскерге шақырылған сарбаз М.Қайсаров қаза тапты, деп қосты Елдос Қилымжанов.

"Күдіктінің әрекеті терроризм актісі ретінде сараланған. Қайсаров отбасында жалғыз бала болатын, биыл ол 20 жасқа толар еді", - деп қорытындылады Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети