09 қыркүйек 2019 09:19

Қарағанды облысында 3 жасар баланы өлтірді деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күдікті. Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі Күдікті. Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Қарағанды облысында 3 жасар баланы ұрлап кетіп, кейін өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Instagram желісіндегі Karaganda.city парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қарағанды облысында 3 жасар баланы ұрлап кетіп, кейін өлтірді деген күдікті ұсталды. Бұл туралы Instagram желісіндегі Karaganda.city парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Еріктілердің айтуынша, күдікті Қарағандыдағы вокзалда ұсталған.

Еске салайық, мұның алдында Шет ауданының Бұрма ауылында үш жасар бала ұрланғаны мәлім болған. Оны анасының қолынан 23 жастағы ер адам жұлып алып кеткен. Қаскөй бұған дейін де сотты болған.

Ұрланған баланың туған-туыстарының ақпаратына сәйкес, ер адам сәбидің анасын бопсалап, онымен қарым-қатынас жасауды талап еткен. Ал келісім алмаған соң, ол ұлын ұрлап кеткен. Аталған дерек бойынша облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылды. Соталды тергеу ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлігі 5-тармағы бойынша жүргізілді.

Кейін 3 жасар баланың өлі табылғаны анықталған. Баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты туыстары растаған еді.

Полиция Қарағанды облысындағы бала өліміне қатысты күдіктінің суретін жариялаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети