02 наурыз 2020 09:39

Қарағанды облысындағы үш жасар баланың өлімі: Сотталушы шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушы. © Қарағанды облысы ПД Сотталушы. © Қарағанды облысы ПД

Қарағанды облысында 3 жасар баласын өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған 32 жастағы Игентай Сопыжанов соттан жазаны жеңілдетуді сұрады, - деп хабарлайды Liter.kz.


Қарағанды облысында 3 жасар баласын өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған 32 жастағы Игентай Сопыжанов соттан жазаны жеңілдетуді сұрады, - деп хабарлайды Liter.kz.

Басылымның мәліметінше, сотталушы кінәсін мойындап отыр. Бірақ, оның айтуынша, сот үкімі әділетсіз. Сопыжанов апелляциялық шағымында жазаны жеңілдетуді сұрайды.

Ал өлтірілген баланың анасы оның бұл шағымымен келіспейді.

"Баламды ұрып-соққан кезде оның әлі де өмір сүргісі келетінін ойлаған жоқ. Оның ұяты жоқ, қатыгез", - деді қайтыс болған баланың анасы Ника Васильева.

Сотталушының апелляциялық шағымын Қарағанды облыстық соты қарайды.

Еске салайық, 5 қыркүйекте Қарағанды облысында үш жасар бала өлі табылған еді. Ауылдастардың айтуынша, баланың денесі ауылда, тұрғын үйлердің бірінің маңынан табылған. Мұның алдында бұл жерлерді полиция қызметкерлері іздестіру иттерімен бірге тінтіген. Алайда тексеру кезінде бала табылмаған. Оның денесін түнде әкелді деген болжам да айтылған еді.

Ал кейінірек баланы өлтірді деген күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети