24 мамыр 2023 11:48

Қарағанды облысында банк қызметкері алаяққа тұтынушылар дерегін берген: полицейлер үндеу жолдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернет-алаяқтық қылмысының күн санап өсуіне байланысты Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин тұрғындарға үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Интернет-алаяқтық қылмысының күн санап өсуіне байланысты Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин тұрғындарға үндеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әбілдин облыста ақпараттық жүйелерді және халықты онлайн несиелендіруді пайдалану арқылы жасалған құқық бұзушылықтарды тіркеу жалғасып жатқанын айтты.

Оның айтуынша, жыл басынан бастап аумақтық ішкі істер органдарына алаяқтардың арбауына түсу фактісі бойынша 677 қылмыстық іс тіркелген. Алаяқтардан тұрғындарға келтірілген шығын – 1 миллиард 16 миллион 179 мың теңге.

Әбілдин жыл басынан бастап полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында ақпараттық жүйе арқылы бірнеше эпизод қылмыс жасаған 12 адам ұсталған.

Қарағанды ​​облысы бойынша ПД басшысының орынбасары интернет-алаяқтықтың кең тараған түрлері мен әдістерінің бірі банк қызметкерлерінің атын жамылған қоңыраулар екенін атап өтті - 212 жағдай.

"Оның ішінде Kaspi Bank – 52 факті, Ұлттық банк – 49 факті, Eurasian Bank – 35, Халық Банк – 25 фактіден, ForteBank – 19, Центр Кредит Банкі – 10, Homebank – 4, Қазақстан Банктер Ассоциациясы – 3, Jusan Bank бойынша 1 дерек тіркелген. Жалған банк қызметкерлері тарапынан тұрғындарға келтірілген шығын көлемі 400 миллион теңгені құрап отыр", - делінген хабарламада.

Мысалы, 17 мамырда полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 40 жастағы банк қызметкері ұсталған. Ол өзінің қызметін пайдаланып, өзінің 33 жастағы танысына 66 жастағы зейнеткердің жеке деректерін беріп, күдікті зейнеткерге 930 мың теңге шығын келтірген. Қазіргі уақытта күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети