28 шілде 2021 14:59

Қарағанды облысында молда 14 жастағы қызды зорлағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айып тағылған 40 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған қызды зорлады деп айып тағылған 40 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушы облыс аудандарының біріндегі ауылдық мешітте молда болған. Сонымен қатар, ер адам зардап шеккен қыздың ата-анасына арасында үй шаруасына көмектесіп тұрған. 2020 жылдың қаңтарында ол 14 жастағы жәбірленуші үйде жалғыз болғанын пайдаланып, зорлаған.

Сотта сотталушы тағы үш мәрте қыздың еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскені анықталды. Зорлық-зомбылық былтыр ақпан, наурыз және маусым айларында болған. Зорлау нәтижесінде қыз жүкті болды.

"Сотталушының кінәсі дәлелденді. Сотта жәбірленушіден, оның заңды өкілдерінен, куәлардан жауап алынды, жүргізілген сараптамалардың нәтижелері және іс бойынша жиналған дәлелдемелер зерттелді. Прокурор ҚР ҚК-ның 120-бабы 4-бөлігі ("Жас баланы зорлау") бойынша сотталушыны кінәлі деп тануды және 20 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап прокурордың талапына келісімін білдірді", - деді Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Сотталушының өзі кінәсін ішінара мойындады. Оның адвокаты жазаны жеңілдетуге тырысты.

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушыны жас баланы бірнеше рет зорлағаны үшін кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын төтенше қауіпсіздік колониясында өтейді. Сондай-ақ, ол өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

"Оның кінәсін жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды сот анықтаған жоқ. Қылмыстық кодексте мұндай қылмыстар үшін 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот үкім шығарған кезде сотталушының бала кезінен үшінші топтағы мүгедек екендігін, бұрын сотталмағанын, өз кінәсін ішінара мойындағанын ескерілді. Сондай-ақ, жәбірленуші тараптың пікірі ескерілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - деп толықтырды сот.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети