18 наурыз 2022 11:37

Қарағанды ​​облысында тұрғын 5 жыл бойы ауылдасының ақшасын ұрлап келген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: aif.ru Фото: aif.ru

Қарағанды ​​облысында ауыл тұрғыны зейнеткердің банк картасынан 5 жыл бойы ақша ұрлап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қарағанды ​​облысында ауыл тұрғыны зейнеткердің банк картасынан 5 жыл бойы ақша ұрлап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

14 наурызда Қарағанды ​​облысы Осакаров ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 71 жастағы тұрғыны жүгінген. Тұрғын зейнетақы алатын банк картасын ұрлатып алғанын айтқан.

Полицейлер ұрлыққа 65 жастағы ауыл тұрғынының қатысы барын анықтаған. Зейнеткер жалғыз тұрады, мүгедек. Күдікті оған көмектесемін деп сендірген.

"Бұл ретте ол зейнеткердің банк картасын алып, 2017 жылдан 2021 жылдың желтоқсанына дейін барлық кіріс қаражатын алып, өз мақсатына пайдаланған. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктінің зейнеткерге келтірген шығын көлемін анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети