29 маусым 2021 12:45

Қарағанды саябағында жерленген арыстанның өлім себебі аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Мал дәрігерлері Қарағанды орталық саябағында жерленген арыстанның өлім себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мал дәрігерлері Қарағанды орталық саябағында жерленген арыстанның өлім себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мал дәрігерлерінің мәліметінше, саябақтан табылған аң африкалық арыстанның 10 айлық күшігі. Оның аты Марс және Қарағанды зоосаябағында тұрған. Арыстанның денесін ашқанда, оның инфекциялық аурудан өлгені белгілі болған. Сонымен қатар иесі мал дәрігерлеріне хабарласқан және ветеринарлық құжат пен қажетті анықтамалары бар.

"15 маусымда жануар ауырып, жеке мал дәрігерлік емханасында емделген. Жүргізілген емдік шараларға қарамастан, 22 маусымда ол өлген. Жануардың денесі табылған соң Михайловск полиция бөлімінің жазбаша ұйғарымы бойынша жеке мал дәрігерлік емханада денеге патологанатомиялық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде жануардың панлейкопения секілді инфекциялық аурумен ауруы мүмкін екені анықталды. Бұған ішектің жуан бөлігінің және шажырқайдың жағдайы мен құрсақ қуысында жиналған сұйықтық дәлел бола алады. Ауру мен өлім арасында тікелей байланыс бар", - деп хабарлады Қарағанды облысы аймақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясындағылар.

Арыстанның денесі ашылған соң жануарлар зиратында, Беккари шұңқырында жойылды. Қазір полиция қызметкерлері иесінің арыстанды неліктен саябақ аумағында көмгенін анықтап жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін арыстанның иесі жануардың өлгенін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

Еске салайық, Қарағанды саябағында жерленген арыстан табылғаны туралы ақпарат 25 маусымда пайда болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети