25 наурыз 2021 17:32

Қарағанды тұрғындарын 17 миллион теңгеге ​​алдап кеткен банк қызметкерлері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда алаяқтық жолмен 17 миллион теңгені иемденген екі банк қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Қарағандыда алаяқтық жолмен 17 миллион теңгені иемденген екі банк қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері банктердің бірінің 27 жастағы менеджерін ұстады. Ер адамның үш интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Алдау және сенімге кіру жолымен, қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың дербес деректеріне қол жеткізе отырып, өзі жұмыс істейтін банкте және шағын қаржы ұйымдарда несие рәсімдеген. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы төрт миллион 770 мың теңге.

Сондай-ақ, полиция 31 жастағы тағы бір ер адамның заңсыз әрекеттерін анықтады. Ол қылмыстық схемасын клиенттерге мерзімі өткен несиелер бойынша көмек көрсету сылтауымен жүзеге асырған.

"Қазіргі уақытта үшінші тұлғаға несие беру бойынша он екі факт анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 12 миллион теңге. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді ДП басшысының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда алаяқтық жасаған күдікті ұсталған болатын. Ер адам мемлекетаралық іздеуде болған. Тергеу нұсқасы бойынша, ол Павлодар облысы тұрғындарынан 100 миллион теңгеден аса қаражат алып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети