24 сәуір 2017 09:51

Қарағандыда басына балта қадалған әйелдің мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды көшелерінің бірінде тұрған полиция көлігі. © Instagram Қарағанды көшелерінің бірінде тұрған полиция көлігі. © Instagram

Қарағандыда құтқарушылар пәтерлердің бірінен басына балта қадалған әйелдің мәйітін тапты, - деп хабарлайды eKaraganda


Қарағандыда құтқарушылар пәтерлердің бірінен басына балта қадалған әйелдің мәйітін тапты, - деп хабарлайды eKaraganda

Әйелдің қызы мен немересінен шақырту 23 сәуірде кешкі уақытта түскен. Соңғы уақытта егде жастағы әйел байланысқа шықпай кеткен, баспанасына кіруге де мүмкіндік болмаған, есік жабық тұрған. 

Оқиға орнына келген мамандар бесінші қабаттағы пәтерге ашық тұрған терезе арқылы кірген. Зейнеткер залда жатқан. Оның басына балта қадалып тұрған. Полицейлер оқиға орнын дереу қоршауға алған.

 "Қызы асханадағы терезесінің ашық тұрғанын айтты. Мен шатырдан түсіп қарасам, терезе ашық екен, кірдім де, дереу есікті ашып, полицейлерді ішке кіргіздім. Полиция залға кірсе - бір әже жатыр, үстіне көрпе жабылыпты, басына балта қадалған", - деп хабарлады құтқарушы Тұрсынхан Тоқтасов. 

Басылым журналистері зейнеткердің немересінің психикасы бұзылғанын анықтапты. Тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети