17 мамыр 2021 16:18

Қарағандыда пара алып жатқанда ұсталған судьяға қатысты іс сотқа жолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық сотына Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот судьясына қатысты қылмыстық іс жолданды. Ол биыл ақпанда пара алу кезінде ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушыға ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1, 2-тармақтары және 28-бабының 4-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылған. Қылмыстық істі судья Жанат Егембердиева жүргізіп жатыр.

Айпталушы тарапта судьядан бөлек 40 жастағы әйел бар, ол ақша аудару кезінде ұсталған. Әйел ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі және 367-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни "Айтарлықтай мөлшерде пара беруге оқталғаны" үшін айыпталып отыр. Сот талқылауы 18 мамырға белгіленген.

Айта кетейік, биыл ақпанда Қарағанды облысы бойынша МАЭС судьясы құрылыс фирмаларының бірінің заңгерінен пара алу кезінде ұсталды. Кейін судьяның ұсталғандығы туралы ақпаратты Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети