03 қаңтар 2019 09:16

Қарағандыда төбелестен ер адам қайтыс болды: Үш күдікті ұсталып, бір адамға іздеу жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандыда мейрамханалардың бірінде ер адамдардың арасында шыққан төбелестен кейінгі адам өлімі дерегі бойынша үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, бір адамға іздеу жарияланды. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда мейрамханалардың бірінде ер адамдардың арасында шыққан төбелестен кейінгі адам өлімі дерегі бойынша үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, бір адамға іздеу жарияланды. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратура өкілдері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде төбелес салдарынан екі адамның қайтыс болғаны және оның ұлтаралық алауыздықтан болғаны жайлы жалған мәліметтер таралып жатқанын айтады.

"Екі топ ер адамдар арасында төбелес шықты, бірақ ол ұлтаралық алауыздықтан шыққан жоқ. Төбелескендердің ішінде қазақтар да, басқа ұлт өкілдері де бар. Азаматтардан арандатушылық әрекеттерге сенбей, тергеу органдарының расталған мәліметтерін бақылап отыруын сұраймыз", - деп ескертті прокуратурадағылар.

"Құқық қорғау органдарының өкілдері тергеуді барынша ашық жүргізіліп, тергеу барысы жайлы мәліметтердің барлығы БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жарияланатынын айтады. Тергеу облыстық прокуратураның бақылауында", - делінген хабарламада.

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети