27 қыркүйек 2021 13:23

Қарағандылық шенеунік алаяқтық әрекеті үшін сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда облыстық экология департаментінің бас маманы 10 миллион теңге көлемінде пара алып ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағандыда облыстық экология департаментінің бас маманы 10 миллион теңге көлемінде пара алып ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеунікке қатысты қылмыстық іс "алаяқтық әрекеті" бабы бойынша басталды. Ол Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында қаралды.

Сотқа дейінгі тергеу мәліметтері бойынша, облыстық экология департаментінің бас маманы, жауапкер ЖШС-нің бірінде қоршаған ортаға зиян келтірген экологиялық заңнаманың бұзылуын анықтаған. Сотталушы акт құрып, материалдарды жоғары басшылыққа берудің орнына, пара алуға тырысқан. Ол ЖШС-нің техникалық директорымен қылмыстық келісімге келіп, оған 10 миллион теңге төлеген жағдайда айыппұл мөлшерін азайтып жазып беруге уәде берген.

Сотталушының сыбайласы өзінің бастығын, яғни, компанияның бас директорын пара алуға итермелей бастаған. Бірақ бастығы қызметкердің айтқанын орындамай, құқық қорғау органдарына заңсыз ұсыныс туралы мәлімдеген. Кейіннен шенеунік пен оның сыбайласы ақша аудару кезінде ұсталды.

"Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, сонымен қатар өзінің мойындауымен дәлелденді. Прокурор сотталушыны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы айыпталушы жас бала тәрбиелеп отырғандықтан бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Ал қабылданған антты бұзу жазаны ауырлататын жағдай болып отыр. Сот үкімімен ол үкімді орындауды бес жылға дейін кейінге қалдыра отырып, бірақ бала он төрт жасқа толғанға дейін 3 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, айыпталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Оның серіктесіне қатысты қылмыстық іс оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети