06 ақпан 2021 08:55

Каратэден Азия чемпионы атанған 18 жастағы ақтөбелік Дәулет Хайролла өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каратэден Азия чемпионы, 18 жастағы ақтөбелік Дәулет Хайролла өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Каратэден Азия чемпионы, 18 жастағы ақтөбелік Дәулет Хайролла өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Ол 4 ақпанда Ақтөбедегі орталық даңғыл бойындағы аялдамада ВАЗ 2107 көлігінде табылған. Ішіне оқ тиген.

Бұдан кейін пабликтерде ПД бағыттамасы жарияланып, онда өлтірілген адам Дәулет Хайролла екені жазылған. Оны өлтірді деген күдікпен үш адамға іздеу жарияланған. Олар 2000 жылғы Серік С. және 2001 жылғы Азат Ж., 2001 жылғы Бектұрған Е.

Полиция тұрғындардан ұстау кезінде қауіпсіздік шараларын ұмытпауды сұрады.

Ал кейін ресми ақпарат шығып, онда 18 жастағы күдікті ұсталғаны айтылды, ол адам өлтіргенін мойындап, қылмыс қаруын қайда жасырғанын айтқан.

Өлтірілген Дәулет Хайролла киокушинкай каратэден спорт шеберіне үміткер, Азия кубогы иегері, Қазақстан кубогінің үш дүркін иегері болған. Қоңыр белбеу иегері болған. Ол бапкерлік қызметпен де айналысқан.


Фото: Instagram

Полиция таратқан мәліметке қарағанда, 4 ақпанда жастар қаланың ескі бөлігінде таныс қыздың туған күнін тойлау үшін үй жалдаған. Тойлау кезінде жігіттер ерегесіп қалып, оның арты адам өлімімен аяқталған.

Ratel.kz басылымы келтірген мәліметке сенсек, Дәулет Хайролла досын қорғау үшін келген. Досы жанжал кезінде таныстарының бірін ұрған делінеді. Зардап шеккен жігіт достарына хабарласып, ұрған жігітпен кездесуге жиналған. Дәулет Хайролла досымен бірге тұрған, кездесуге келгендер оларға оқ атқан, сол оқ Дәулетке тиген. Атқандар шошып қалып, оны көлігіне салып, не істерін білмей, қаланы аралап жүре берген. Өлтірілген спортшыны олар кейін Орталық стадион маңында көлікке тастап кеткен.

"Келесі аптада Дәулет Хайролла ҚР Кубогіне аттануы керек еді. Осы чемпионатқа қатысады деп отырдық. Бұл орны толмас қаза", - деп келтіреді Ratel.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Евгений Гончаровтың сөзін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети