21 мамыр 2021 11:26

Қаскелеңде жүргізуші ер адамды қасақана қағып өлтіріп, қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Volkswagen жүргізушісі ер адамды қасақана қағып өлтіріп, қашып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Volkswagen жүргізушісі ер адамды қасақана қағып өлтіріп, қашып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

19 мамырда сағат 19.00 шамасында Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасына Қаскелең қаласында жүргізуші жанжал барысында 50 жастағы жергілікті тұрғынды қасақана қағып кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған патрульдік полиция қызметкерлері куәгерлердің айтуынша, көлік белгілері мен қозғалыс бағытын анықтап, кейін іздеуге кіріскен.

Көп ұзамай ауыл маңынан Volkswagen Golf көлігі табылған. Кейін көлік иесі жақын жерде ұсталды. Ол Қаскеленнің 61 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұсталған жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған. Ер адам кінәсін мойындады.

Сурет: polisia.kz

Жәбірленуші мен күдікті арасында жанжал туындағаны анықталды. Жаяу жүргінші көлікке шабуыл жасап, алдына шығып, әйнегін зақымдауға тырысқан. Бұл уақытта жүргізуші тежегішті басып, оны жерге құлатқан. Кейін ер адамды қасақана басып, қашып кеткен. Алған жарақаттарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты.

Дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы, 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша тіркелген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети