09 сәуір 2021 18:07

Касса қызметкерін ұрлағандар: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті касса қызметкерін ұрлап, дүкен мен айырбастау пунктін тонағандар қалай ұсталғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті касса қызметкерін ұрлап, дүкен мен айырбастау пунктін тонағандар қалай ұсталғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 ақпанда түстен кейін Деркөл ауылының "Транзит" дүкенін белгісіз адамдар тонап кеткен. Олар тонауды мұқият жоспарлаған. Полицияда қызметкерлер қылмысты бір аптада ашқанын хабарлады.

"Үш күдікті анықталды. Екеуі Ақтөбе тұрғыны, біреуі Оралдан. БҚО полицейлері арнайы мақсатпен Ақтөбеге барып, күдіктілерді құрықтады. Олар бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған 42, 40 және 37 жастағы ер адам. Қазіргі уақытта ұсталғандардың осы және былтыр Орал аумағында болған қарақшылық және тонау әрекеттеріне қатысы бар екені анықталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, күдіктілер тергеу изоляторына қамалды", - деді Орал полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов.

Полиция өкілдері күдіктілер қылмыс жасау үшін барлық әрекетті мұқият ойластырғанын айтты.

"Қауіпсіз аула" жүйесі бойынша орнатылған 100-ге жуық бейнекамераны, сондай-ақ дүкендер мен жеке үйлерді аралап шықтық. Қылмыскерлер жүрген бүкіл жол қадағаланды. Олардан ұрланған ноутбук, касса қызметкерінің жеке заттары және жалған мемлекеттік нөмір тәркіленді. Ақшаны жұмсап үлгерген", - деп толықтырды полиция өкілі.

Айта кетейк, Оралда қарақшылар айырбастау пунктінің касса қызметкерін ұрлап кеткені хабарланған еді. Олар кассадан бір жарым миллион теңге, 260 АҚШ доллары, 260 еуро, 169 мың Ресей рублін, сондай-ақ қызметкердің жеке заттарын алып кеткен. Одан бөлек дүкен сатушысы полицияға белгісіз адамдар тапаншамен қорқытып, 75 мың теңге алып кеткенін хабарлаған. Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің үш бабы: ұрлық, қарақшылық және тонау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети