09 сәуір 2021 09:55

БҚО-да касса қызметкерін ұрлап, айырбастау пунктін тонағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

БҚО полицейлері облыс орталығында дүкен мен айырбастау пунктін тонап кеткендерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


БҚО полицейлері облыс орталығында дүкен мен айырбастау пунктін тонап кеткендерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Орал қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне қала дүкендерінің бірінің сатушысынан қоңырау түскен. Ол тапанша ұстаған адамдар қорқытып, кассадан 75 мың теңге ақша алып кеткенін хабарлаған. Бірнеше сағаттан кейін айырбастау пункт қызметкері де полицияға ұқсас арыз қалдырған. Ол жерден бірнеше ер адам бір жарым миллион теңге, 260 АҚШ доллары, 260 еуро, 169 мың Ресей рублін, сондай-ақ қызметкердің жеке заттарын алып кеткен.

"Олар касса қызметкерін жұмысқа бара жатқан жолда ұрлап әкеткен. Дүкен арқылы айырбастау пунктінің қызметтік кіреберісіне жетіп, нысанды дабыл қондырғысынан алып тастаған. Кейін есікті касса қызметкерінен алған кілтпен ашқан. Ал кассирдің өзі көлікте байлаулы отырған. Кетіп бара жатып, олар дүкендегі кассаны да тонап кеткен. Сатушыны қорқыту үшін қолданылған тапанша жалған екені анықталды.

Қылмыс күндізгі уақытта жасалды. Ол үшін күдіктілер алдын ала дайындалған", – деді Орал қаласы ПБ бастығының орынбасары Нұрлан Бисенов.

Күдіктілер қылмыс орнынан автокөлікпен қашып, байлаулы касса қызметкерін жолда қалдырған. Ол жақын маңдағы үйге жеткенде полицияға қоңырау шалған.

Күдіктілерді іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары олар мінген көліктің тіркеуде жоқ екенін, яғни есептен шығарылғанын жəне онда жалған ресейлік нөмірлер болғанын анықтады. Полицейлер үш күдіктіні ұстады. Олардың екеуі Ақтөбе облысының тұрғындары. Олардан заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети